Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан-Британ техникалық университеті мемлекетке қайтарылды

Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 27 ақпаннан бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінің жаңа иесі «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал оның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен құрылды. Қазақстан тарапынан құрылтайшы ретінде ҚР Үкіметі Білім және ғылым министрлігі атынан қатысса, британдық тараптан ҚБТУ-дың серіктестері ретінде Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен британдық кеңес болды.

2003 жылдан бастап «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» АҚ болды (ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысына сәйкес).

2018 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялар пакеті ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендіру бағдарламасы аясында «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қоры сатып алды.

Былтыр күзде қайтарылған активтердің қаншасы мемлекет меншігіне өткені туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар мемлекетке қайтарылған 12 миллиард теңге активтің қайда жұмсалатынын хабарладық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button