Елбасы тарихи тұлға болып қала береді

20170926104102 Жаңалықтар

   Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. «Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның сәулетшісі. Бұл тарихи шындық өзгермейді» дейді шаруа қожалығының жетекшісі, Махамбет ауданының Құрметті азаматы Жеңісбай Досқайыров.

«Президенттік өкілеттігін тоқтату  жөніндегі Елбасының  халыққа  арнаған Үндеуін телеарнадан отбасымызбен отырып, тікелей эфир арқылы көріп, тыңдадық.

Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің елге, халқына сіңірген еңбегінің ерекше  екендігін, мемлекетіміздің әлемдік  аренада танылуына қосқан зор үлесін әңгімелеп, бойымызды басқаша бір сезім билегендей күй кештік.

Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлының бұл тосын шешіміне алғашқыда тосырқағанымыз рас. Ел басқару ісінің оңай емес екендігін түсінемін. Ал, Қазақ елінің болашағын кейінгі толқын жастарға сенім артуын бір жағынан батыл шешім деп қабылдадым.

  Ата Заңымызға сәйкес, Президенттің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшетіндігі мәлім болды. Сайлау өткенше Президенттің міндетін уақытша Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсыруын құптаймыз.  Әлемге танылған Қазақ елінің болашағы  жарқын, экономикасы әрі қарай өркендеп, дами беретіндігіне сенеміз» деді спикер Atr.kz-ге берген сұхбатында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз