Жаңалықтар
Қазақстан алтын қорын арттырған елдер тізіміне енді
Қазақстан соңғы 10 жылда алтын қорын едәуір көбейткен елдер қатарынан табылды.
Zakon.kz порталының хабарлауынша, алтын сатып алуды арттырған мемлекеттер тізімін Ресей бастап тұр, оның қорына 1298 тонна алтын қосылған. Екінші орында Қытай (1181 тонна), үшінші орында Түркия (424 тонна) орналасқан. Қазақстан 151 тонна алтын сатып алып, жетінші орынға жайғасты.
Сондай-ақ алтын қорын көбейткен елдер тізіміне Польша, Үндістан, Өзбекстан, Сингапур, Ирак және Таиланд кірді. Бұл елдердің алтын қорларын арттыруы — экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Қ.ШӘКІРОВ
Сурет: atr.kz