Жарнама
Жаңалықтар

Қауіптің алдын алуға еріктілер қажет

Атырау қаласының кейбір жерлерін су шайып кету қаупі бар. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін қазірден бастап көпшіліктің бір мақсатқа жұмылуы маңызды. Бұл туралы Атырау қаласының әкімдігі хабарлады.

-Қолға күрек алып, көмектесемін деген ерікті жігіттер болса, хабарласыңыздар!Дәл қазір адам күші — еріктілер керек. Қала бойынша волонтерлерге арналған штаб құрылды. Жедел штаб Нұрсая, 23 мекен-жайындағы Жастар орталығында орналасқан, — делінген ресми мәліметте.
Айта кету керек, ерікті боламын дегендер төмендегі сілтемеге өтіп, толық мәліметтерін қалдыруы керек.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdqltBcnY6-t54TAbZDykkxcSWA63Tv_7ztsE-MUuBTqUqXMA/viewform
Сондай-ақ қосымша байланыс үшін 8 705 354 44 65, 8 778 208 44 69, 8 778 118 19 83 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button