Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қауіпті індетке қарсы шара

1 ақпаннан бері екпе салу жұмыстары емханаларда жүйелі жүргізіліп жатыр. Облыста медицина қызметкерлері арасында алғашқылардың бірі болып өзім де алған болатынмын. Вакцинаның ағзама ешқандай жанама әсері байқалған жоқ. Одан кейін емханадағы әріптестерім де ерікті түрде екпе салдыра бастады.

Бүгінде емханада 235 медицина қызметкері бар. Оның 40%-ы екпемен қамтылды. Қалғандары медициналық қарсы көрсетілімі бар диспансерлік есепте тұрғандар, жүкті және өзге белгілі себебі бар мамандар. Халық арасында коронавирусқа қ а р с ы ұ ж ы м д ы қ и м м у н и т е т қалыптастырып, екпемен қамту үшін емханада 2 жылжымалы бригада жұмысы ұйымдастырылды. Бригада мүшелері қазір әскери бөлімдегі қызметкерлер мен сарбаздарға екпе туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде шекара қызметіндегі 200 адам вакцина алды. Сонымен қатар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы және студенттерімен кездесу өтіп, вирусты жеңудің бір жолы екпе екені кеңінен насихатталуда. Емханада сағат 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін егу пункттері жұмыс жасайды. Мұнда екпенің 2 кезеңін салуға арналған 2 процедуралық кабинет бар. Сонымен қатар вакцинадан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауы үшін дайындалған орын да қызмет етеді. Соңынан адамдарға екпе алғанын растайтын төлқұжат беріледі. Вакцинаға қатысты халық арасында әртүрлі әңгімелердің айтылатыны рас. Көпшілігі әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенеді. Шындығында ұжымдық иммунитет қалыптастыруда екпенің маңызы зор. Ресейдің «Спутник V» вакцинасымен қатар отандық екпенің пайда болуы – біз үшін үлкен абырой. Былтыр 23 наурызда коронавируспен ауырған науқастың вирусын алу арқылы оны жан-жақты з е рт т е п , і н д е т ке қ а р с ы е к п е н і қолданысқа енгізу ғалымдарымыздың жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Сондықтан қазақстандық вакцинаға да зор сенім артуымыз қажет. Ал Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіруші институттың 70 жылдық тарихы бар. Олар бұған дейін бірқатар аса қауіпті дертке қарсы екпені ойлап тауып шығарды. Сондықтан солтүстіктегі көршілердің де екпені өндіру технологиясына зор сеніммен қарауымыз керек. Қазір облыста 24 егу пункті белсенді қызмет етіп жатыр. Біздің емханаға екпе алуға өтініш білдіргендердің саны күніне 200-ден 360-қа дейін артты. Жалпы емханада 38 мың халық тіркеулі. Оның 4500-ге жуығы әртүрлі созылмалы сырқаттары бойынша диспансерлік есепте тұр. 18 жасқа дейінгі бала саны 13 мыңға жуық. Тіркеудегі азаматтардың бүгінде 15%-ы екпемен қамтылды.

Олардың арасында жасы 90-нан асқан әжей де бар. Ол салауатты өмір салтын қатаң ұстанады. Бұған дейін емханада ешқандай диспансерлік есепте тұрмаған. Емханадағы пациенттер арасында былтырдан бері 400-ге жуық адам коронавируспен ауырды. Жыл басынан бері 3 жүкті әйелдің ПТР тест нәтижесі оң болды. Бүгінде біреуі сәбиін аманесен дүниеге әкелді. Қалған екеуінде вирустың симптомсыз түрі тіркелген. Сондықтан қазір жүктіліктің соңғы кезеңдерінде апта сайын ПТР тест сынамалары жүйелі түрде жүргізіледі.

Гүлнафис ТАҢБАЕВА,

Атырау қалалық №7 емханасының директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button