Қатыгез болып барамыз ба?
Atr.kz/28 маусым, 2019 жыл. Иә, мына әлемді мейірімнен мақұрым дей алмаймыз. Десек те, адамдар осы бір нәзік ұғым – мейірімге шөлдеп, мұқтаж боп жүргендей көрінеді. Жанын бағам деп жан досын ұмыту, ақша табам деп арынан айырылу, безбүйректеніп баласынан безіну, жығылған жанға жұдырық беріп, сүрінгеннің сыртынан күлу, байларды бағалап, тұрмысы төмендерге төбеден қарау ащы да болса бүгінгі қоғамның боямасыз бейнесі. Ал, мейірім осылардың көлеңкесінде қалып жатқандай.
Балаларға арналған ойын алаңында үнемі бірге жүретін 7-8 жас шамасындағы екі ер баланы байқайтынмын. Ойындары жарасып, егіз қозыдай өсіп келе жатқан екеуінің қылығына көршілер де сүйсіне қарайтын. Бірақ, олардың көңілі балалардың біріне ит шауып, өміріне қауіп төндірген сәттен бастап су сепкендей басылды.
Бәлкім, бұл ет үйреніп кеткен жағдайлардың бірі болар, десек те… «Түс мезгілі болатын. Үй астындағы дүкенге жақындап қалғаным сол еді, кенет бір топ баланың жанында жүрген сары-ала ит бірін алып жығып, тістелей бастады. Қолыма іліккен затты алып, жан даусым шыға айқайлап, батылым жетіңкіремесе де баланы арашалап алғым келді.
Сөйткенімше, көлігінен енді ғана түсіп жатқан көршім Нұрболат иттің тісінен баланы айырып алды. Ал, сол сәтте әлгі баланың бірге жүретін досы оқиғаны қызықтап, телефонына түсіріп тұрды. Өзі мәз. Бала делік, бірақ, мұндай сәтте досына көмектесудің орнына, телефонға түскен бейнежазба артық болғаны ма?! Біз кімдерді өсіріп жатырмыз? Жастайынан қатыгез бала, есейгенде кім болады?» деген Айнұр көршімнің әңгімесіне бейжай қарауға болмас еді.
Жол-көлік апаты, өрт, тіпті жастардың ұстаса қалған сәттерінде «адамдар аман ба екен?», «білместік жасаған болар, айырып жіберейік» деудің орнына телефонның камерасын қосып, әлеуметтік желілерге жүктеу үйреншікті іске айналып барады. Мәселен, Атырау қаласындағы №22 және №24 орта мектеп оқушыларының арасындағы келіспеушілік көп кешікпей «WhatsaАрp» және «Instagram» әлеуметтік желілеріне тез таралып кетті. Сол сәтте жаппай төбелесті көрген азаматтар полицияға хабарлап, жасөспірімдерді ақылға шақырудың орнына телефон камерасына түсірген.
Анықталғандай, екі мектептің бірнеше оқушысы сабақ уақытынан кейін көшеде төбелес ұйымдастырған. Бастапқыда кикілжің екі оқушының арасында пайда болған, ал, қалған қатысушылар достарына «жәрдемдесуге» келген. Жуырда Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметі оқушылар ұйымдастырған төбелес үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеген болатын.
Ал, жыл басында Түркістанда орын алған жаға ұстатарлық жағдайды да жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Әлеуметтік желіде оқушылардың бірбіріне жасаған озбырлығы түсірілген бейнежазба лезде таралып, қоғамның нарызылығын тудырған еді. Өздерінен кіші оқушыларды аяусыз ұрып-соғып, бейнетаспаға түсірген жасөспірімдердің іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұзақылық жасағандар анықталды. Десек те, бізді мазалайтын мәселе жоқ емес. Жасөспірімдердің адам шошырлық әрекетке баруына не туралы берілетін ақпарат жолдарына тыйым салынуы керек. Адам санасын улайтын ақпараттардан гөрі ұрпаққа ұлттық тәрбие беретін құндылықтар насихатталуы тиіс, — дейді маман.
Ал, е ң б е к а р д а г е р і З л и л а Шопанова мұның отбасы, орта тәрбиесінің әлсіздігінен болып жатқан көріністер екенін айтады. «Бұрын әжелеріміз немерелерін ертегімен тәрбиелесе, қазір баланы ғаламтор мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Адамгершілік қасиеттердің азайыпсебеп? Жалпы бүгінгі балалар неліктен қатыгездік танытуға бейім? Атырау қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №33 орта мектептің психологы, тәжірибелі маман Мәрзия Ермұханова адамдардың мұндай әрекеті шектен шыққандық екенін айтады.
– Күнделікті өмірде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды сырттай бақылап, оқиға құрбанын қызықтап қана тұрып, әлеуметтік желілерге жүктеуге асығатын адамдарды жиі байқап жүрміз. Өйткені, зиянды ақпараттар мен қатыгездікке толы кинолар, бейнематериалдар біздің санамызға сіңіп, оларды саналы түрде қабылдауға бағыт алып барады. Ең қауіптісі, оған әсіресе, жасөспірімдер мен балалар мейлінше ден қоюда. Сондықтан, болашақта адам бойындағы мейірімділік пен адамгершілік, бауырмалдық секілді асыл қасиеттерді жоғалтып алмау үшін әлемде болып жатқан теріс оқиғалар туралы берілетін ақпарат жолдарына тыйым салынуы керек. Адам санасын улайтын ақпараттардан гөрі ұрпаққа ұлттық тәрбие беретін құндылықтар насихатталуы тиіс, — дейді маман.
Ал, е ң б е к а р д а г е р і З л и л а Шопанова мұның отбасы, орта тәрбиесінің әлсіздігінен болып жатқан көріністер екенін айтады.
«Бұрын әжелеріміз немерелерін ертегімен тәрбиелесе, қазір баланы ғаламтор мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Адамгершілік қасиеттердің азайыпқоғамның қатыгездікті қалыпты санауы да сондықтан. Жүріс-тұрысын бақыламасаң, бала көргенін жасайды. Дертіміз дендеп кетпес үшін ұрпақ тәрбиесіне әр әке мен ана, ата мен әже баса мән беруі тиіс. Ғасырлар бойы атабабамыз қолданған тәлім-тәрбие беру үлгісі бүгінгі өмірге ауадай қажет-ақ. Себебі, отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты. Ал, оның ролі бәрінен де басым тұрады» дейді ол.
Зиянды ақпарттардан бөлек, соңғы жылдары «Instagram» желісінде өз дене мүшелерін бөлшектеп, қан-жоса етіп жариялау да «сәнге» айналды. Мобильді қосымшалардың арнайы бағдарламалары арқылы жасалатын қатыгез суреттердің зардабы қоғамда қаншама қылмыстың орын алуына итермелеп жатқанын айтудың өзі қорқынышты.
Ең сорақысы, өзгелерді айтпағанда, елдің айнасы болып жүрген танымал әншілер мен актерлердің өзі мұндай суреттерді жарыса салады. Бұл әрекеттерді ой-санасы жетіле қоймаған, оң-солын танып үлгермеген балалар қалай қабылдап жатыр, ойланып көрдіңіз бе?! Бүгінгі қоғамда мейірімді жандар да жоқ емес. Жетім, жесір мен жоқ-жітікке қамқорлық танытып, сырқат жандарға қолұшын созып жүрген жомарт жүректі адамдар бар. Ұсақ-түйекті айтпағанда, көп балалы отбасыларға баспана сыйлап жүрген азаматтардың ісіне қарап сүйсінесің.
Дегенмен, адам бойындағы жанашырылық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді қатыгездік ұғымы тұмшалап жатқандай көрінеді. Ал, қатыгездіктің көбеюі рухани құлдырауымыздың көрінісі екені ащы шындық.
P.S.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады». Иә, бұл данышпан халқымыздың өмір тәжірибесінен түйгені. Өмір күннен күнге өзгеріске түсіп жатыр, бірақ, бұл «мейірімсіз бол» деген сөз емес…
Мәлике ҚУАНЫШЕВА
- Британия ғалымдары қатыгездік пен қорқақтық сынды рухани дерттердің тұқым қуалайтынын анықтаған. Бұған Букингем университетінің зерттеушілері көз жеткізген. «Ер адамдар мен әйелдер өз тәртібін қадағалап, мінезімен жұмыс істеуі тиіс» деп есептейтін олар бозбала, бойжеткен кезінде ағза мазасыз сезімдерге жиі ұрынса, белсенді ДНК геніне ие болуды адам тәрбие арқылы ғана бойына сіңіретіндігін айтады.