Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы үндеу жасайды

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл.  Ертең, 16 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан аумағында наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 15 сәуір сағат 07:00-ге  дейін төтенше жағдай енгізді. Ертең 16 наурыз күні мемлекет басшысы телевизия арқылы үндеу жасайды «,- деп жазды Уәли. 

Ол президент төтенше жағдай кезеңінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін мемлекеттік комиссия құрғанын айтты. Оның құрамына премьер-министр, бірқатар жоғары мемлекеттік орган басшылары кірді. Жарлыққа сәйкес, төтенше жағдай кезінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі.

  • қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі;
  • ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады;
  • сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрады;
  • карантин енгізіледі, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады;
  • ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
  •  Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленеді.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstan-respublikasynda-tөtenshe-zhaғdaj-engizildi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button