Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

cc4ed9ad fd61 4c4a b216 86a8ad011a8a Жаңалықтар

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.  

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз