ЖаңалықтарСаясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр
Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.
«Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды. Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.