Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды. Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына кірді.