Жарнама
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлеуметтік желілер үлкенді де, кішіні де «зомбиге» айналдырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумында балаларға қатысты оқиғаларды жеке бақылауында ұстайтынын айтты, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы.

«Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн. Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады», — деді мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды.

«Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын. Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашады, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіп те төндіреді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін, -деп атап өтті президент.

«Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет», — деді Қ.Кемелұлы.

Бұған дейін оның кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының бастамасымен өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар форумына қатысатынын айтқан болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button