Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қашаған газы өңделеді

atr.kz/ 15 қыркүйек, 2020 жыл. Мұнай құрамындағы ілеспе газ пайдалы өнім саналғанымен, оның «қара алтын» көлемін арттыруға тигізер кері әсері де бар.

Өйткені, көп мөлшерде жинақталса, сақтау проблемасы туындайды. Ал, ауада жағуға тыйым салынған. Демек, оны өңдеп, кәдеге жарату керек. Міне, Қарабатан елді мекені тұсынан тұрғызылар Қашаған газын өңдеуге бағытталған қондырғы сол мақсатты көздейді.

О баста Жұмыскердегі мәдениет үйіне жоспарланған талқылау, карантиндік шектеуге байланысты zoom арқылы онлайн өтті.

Қоғамдық тыңдау барысында «Атамекен Эко» қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллин, «Глобус» экологиялық-құқықтық орталығының директоры Галина Чернова, «Жайық-Каспий Орхус орталығының» басшысы Шынар Ізтілеуова өз пікірлерін ортаға салды.

Сейсенбі күні осы құрылысқа қатысты онлайн-қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Қоршаған ортаға байланысты құжат «Текнинго Инжиниринг Контракторс» және «АлатауГорПроек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасындағы келісім негізінде жасалған. Алдағы 2022-2041 жылдары Қашаған кенішінің өндірістік қуаты 12 млн. тонна мұнай өндіруге жетпекші. Сайып келгенде, кен орнындағы ілеспе газды өңдеу осы меженің алынуына септігін тигізеді.

Жалпы, әбден өңделіп, тауарлы күйге жеткізілген газдың өңдеуқондырғысы территориясында сақталуы жоспарланбаған. Ол «Мақат-Солтүстік Кавказ» құбырына қосылады. Өнім иесі – «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы. Осындағы нысандарға қондырылатын жабдықтардың барлығы сертификатталады. Ал, су мәселесі «Астрахан-Маңғышлақ» құбыры арқылы шешіледі. Бұл ретте оны қайта пайдалану арқылы үнемдеу жайы да қаралған.

Жобалаушылардың айтуынша, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту көзделген. Ол құрылыс барысында да, нысанды пайдалану кезінде де басты назарда ұсталады. Құрылыс кезінде зиянды заттардың шығарындылары жылына 186,40 тонна болмақшы. Ал, нысанды пайдалану шағында жылына 194,04 тонна күтілуде. Бұлар қолданыстағы әдістеме арқылы есептелді.

img 20200915 wa0087

Қондырғының санитарлық қорғаныш аймағы – 1200 метр. Жалпы, әсер 1006 метрге жетуі ықтимал. Дегенмен, осындай қашықтық артығымен алынып отыр. Қорғаныш аймағының шегінде елді мекендер жоқ. Атмосфералық ауа сапасына ерекше талап қойылатын қорық, шипажай секілді құрылыстар салынбаған.

Жобалаушылар кеніштен құбыр арқылы жеткізілетін ілеспе газ бірнеше сатыда тазаланып, тұтынушыға даяр тауар ретінде ұсынылатындығын айтады. Кәсіпорын болған соң, әрине, әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Бірақ, бәрі де шекті мөлшерден аспайтындығына кепілдік береді. Қазіргі заманғы жабдықтар орнатылмақшы. Сенуге тура келетін тәрізді.

img 20200915 wa0089

Нысанның Атыраудан қашықтығы – 60 км. Осы орайда шаһар тұрғындарын атмосфера тазалығы мазалайды. Әсіресе, қала мен нысан арасына тал-теректер отырғызып, жасыл белдеу орнату қажеттігі туындайды.

Жалпы, құрылысқа 2500 адам тартылмақшы. Ал, қондырғы қатарға қосылғанда 600 тұрақты жұмыс орны ашылуы күтілуде. Сөз жоқ, мұндай жаңа өндіріс ошағы облыс экономикасы үшін керек-ақ. Тек қоршаған ортаға тигізер әсері барынша аз болғаны жөн.

                                                                                                     М. БАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button