Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

ҚАСАПХАНАдағы ҚАТЫГЕЗдік: БІЗ МҰНДАЙға ҚАЛАЙ жеттік?!..

Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл. Е р қ а н а т ы , ж е т і қазынаның бірі, киелі жануар, тазалықтың символы, тектіліктің белгісі. Хас тұлпарға телінер тіркестер осылай басталып, жалғаса береді. Халқымыз ат үстінде аз ғұмырын өткізбеген. Қашан да жылқыны жоғары бағалап, ерек көрген. Таяуда қасапханадағы қатыгездің іс-әрекеті көрген жанның жүрегін ауыртып, жанын түршіктірді. Әйтпегенде ше!

Санаулы секундтардан тұратын шағын бейнежазбадағы жанның тірлігі тіптен шошырлық. Осынау әдіспен сұлатып салған малды сойғанда, арам қаны бойында қалып, еттің салмағы көбейе түседі-міс! Міне, гәп қайда?! Адалдық пен тазалықты артық ақшаға айырбастадық. Пайдакүнемдікке салынып, обал-сауаптан аттадық. Бүгінгі күннің боямасыз бейнесі.

Бақсақ, мұндай әдіс өзге де жерлерде қолданылады екен. Желіде желдей ескен жазба астына қалдырылған пікірлер осыны аңғартты. Шын болса… Қорқынышты! Е т ж е м е й т ұ р а алмайтынымыз тағы бар. Қасқырдан кейінгі қызыл етке құмарлығымыз әлемге әйгілі.

Екінің бірі «Құбылаға қаратып сойылған, таза» етті алуға қолы жетпейді. Базар жағалап, сөредегі етті саудалаған халықтың «Енді қайтеміз?» деп шайлығып қалғаны да шын. Малдың анықтамасы туралы құжат талап бойынша толтырылар, бірақ, қалай сойылғаны жөнінде жазылмайды… Іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірақ, бұл халықтың қорқынышын сейілте ме?..

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button