Атырауда тоғыз қабатты алты үйге жаңа жеделсаты орнатылды

20190403033727 Жаңалықтар

Atr.kz/ 3 сәуір, 2019 жыл. Атыраудағы көпқабатты үйлер терможөндеу бағдарламасымен жөнделеді. Белгіленген 24 үйдің төртеуінде жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Атырау қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда тұрғын үйлерді терможөндеуден өткізудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары өзінің заңды жалғасын тауып келеді. Ағымдағы жылы қалалық билік жөндеуден көпқабатты үйлердің рекордтық санын өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінде Авангард – 2/22, Авангард – 3/9, Авангард -3/36 және Азаттық даңғылы, 99а мекен-жайы бойынша орналасқан төрт үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Бұдан басқа, терможөндеу бағдарламасына енетін үйлердің тізіміне тағы да 20 үй енгізілді. Барлық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары көпқабатты үйлер тұрғындарының қайтарылымды қаражаты есебінен жүргізіледі. Үйлердің күрделі жөнделуін 2020 жылдың соңына таман аяқтау көзделуде. Осы мерзімге қарай тұрғын үйлердің терможөнделуіне қатысты мемлекеттік бағдарламасының да тәмамдалатын кезеңі», – дейді «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Орынтай Қуатбаев.

Айта айту керек, 2011-2020 жылдарға арналған аталмыш мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары басталғаннан бері Атырауда 123 тұрғын пәтер жөнделді. Оның үстіне, 6тоғыз қабатты үйге жаңа лифттер орнатылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз