Жарнама
Жаңалықтар

Қаржылық білімін жетілдірді

Атыраулық жастар қаржылық сауаттылығын арттырды. Өткен аптаның демалыс күндері Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осы тақырыпта семинар-тренинг өтті. Бұл шара жастардың қаржылық білімін жетілдіруге, ақшаны тиімді басқару дағдыларын дамытуға және қаржылық тұрақтылыққа жетуге көмектесуге бағытталған.

img 2613

Семинарға 20-дан астам жас қатысып, ақша айналымын дұрыс басқару, шығындарды бақылау, инвестициялау негіздері, қаржылық тәуекелдерден сақтану және болашаққа қаржылық жоспар құру бойынша маңызды ақпарат алды. Тренингте белгілі спикерлер Арман Азаматов пен Ақан Қайырғалиев өз тәжірибелерімен бөлісті.

img 2612

Осындай шаралар енді алдағы уақытта Жылыой, Индер, Махамбет, Исатай аудандарында өтпек. Жоба аясында 240 жасты қамту жоспарланып отыр.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button