Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Қартын сыйлаған халықпыз!»

Жуырда облыстың мәдениет саласының қызметкерлері з күштерімен «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер к рсету орталығы» КММ – қарттар үйіне кір жуатын машина тарту етті. Бұл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында жүзеге асты.

Қашаннан үлкенді сыйлап, төрден орын ұсынып үйренген халық үшін осындай айтулы мерекелерде қарттарын құрметтеуден, оларға сыйлық табыстаудан артық қуаныш жоқтай. Осылай деген облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пандемия шаралары жеңілдеген соң үлкен концерттік бағдарлама дайындалып, қарияларға көтеріңкі көңіл сыйлайтындарын айтты. Өйткені өмірдің ыстық-суығын, небір қиындықты, аштық пен зұлмат жылдар сұмдығын көре қалған үлкендер қандай құрметке де лайық. Қазір қарттар үйінде 93 адам тұрып жатса, соның 59-ы – қазақ, 23-і – орыс, ал қалғаны өзге ұлттан. Ең ұзақ жасаушы – Бəлибаш Садықова екі айдан кейін 105- ке толады. Өзінен ұрпақ болмағандықтан да кейуана амалсыздан осы жердің тұрғыны болып отыр.

Қарттар үйінің басшысы Қилымқас Күзембаеваның айтуынша, «жыртық үйдің Құдайы бар». Бүкіл дүние жүзін шарпыған коронавирус індеті, бақтарына қарай, мемлекет бағымындағы үлкендерден аулақ. «Сақтықта қорлық жоқтығын» терең түсінген қарттар үйі қызметкерлері індетке қарсы вакцина қабылдап жатыр.

– Əрине, саулық əркімнің өзі үшін керек. Бірақ, біз үкімет бағымындағы адамдармен тікелей жұмыс жасап жатқандықтан да олардың амандығы бізге тікелей байланысты. Бүгінге дейін өзім бастап, мекемеміздің 41 қызметкері, 6 үлкен кісіміз – бəріміз екпе алдық. Көптік жерге қарияларды тасымалдап жүрмеу үшін арнайы мобильдік топтың көмегіне жүгіндік. Қазіргі жағдайымыз қалыпты, — дейді Қилымқас Күзембаева.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button