Жарнама
ЖаңалықтарСаясатФОТОГАЛЕРЕЯ

Атыраудағы қарттар үйінде 105 жастағы қария өз таңдауын жасады (+ФОТО)

 Атырау облыстық қарттар мен мүгедектердің интернат-үйінде жалғызілікті 88 адам тұрып жатыр. Олардың ең үлкенінің жасы алдағы шілдеде 105-ке келетін Балибаш Садықова болса, ең кіші тұрғын, бірінші топ мүгедегі — 1988 жылы дүниеге келген Александр Чечин. Олар №33 сайлау учаскесіне дауыс берді.

 – Біз осы жасымызға дейін не көрмедік — аштықты да, соғысты да, зұлматты да — бәрін де бастан өткердік. Тоқырау жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар да назарымыздан тыс қалмады. Көзімізбен көрдік, жүрегімізбен сезіндік, дегенмен, бәріне де шыдадық, сабырлылық таныттық. Атамыз қазақ «Күннің жаманы кетер» дейді. Сол айтқандай, қиындыққа мойымау керек. Өйткені, оның барлығы да уақытша. Бар қызық-қуаныш алда, содан үміт күтейік, — дейді көпті көрген Балибаш әжей.

Ол кісінің осынау жүрекжарды сөзін өзге үлкендер де бірауыздан қолдап әкетті.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттер автордікі

img 20210110 wa0183
img 20210110 wa0184

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button