«Қара алтын» өндірісі тоқтамайды
Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Дүниежүзілік пандемияның салдарынан көптеген компания қызметін уақытша тоқтатты. Десек те, мұнай өндіру, оны өңдеу – кідірмейтін құбылыс. Өйткені, «қара алтыннан» алынатын негізгі өнім – жанар- жағар май күнделікті тұрмысқа аса қажет. Ендеше, отандық кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйі қалай? Өндіріс басындағы жұмысшылар азық-түлікпен, дезинфекциялық құралдармен толық қамтылған ба? Біз осы сауалдарға жауап іздедік.
Зауытта – қатаң санитарлық режим
Б і р н е ш е м ы ң д а ғ а н қызметкері бар «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС карантин енгізілгеннен бастап әкімшілік-тұрмыстық орынжай мен аумақтарда дезинфекциялау шараларын күшейтті. Серіктестіктің жұртшылықпен б а й л а н ы с б ө л і м і н і ң мәліметінше, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 5 электр аппараты, 40 килограмға жуық химиялық реагент, 80 арнаулы киім және бетперде сатып алынған. Сондай-ақ, зауытты тазалау жұмыстарымен айналысатын «АЙZA-Сервис» және «Газстройпроект» ЖШС мердігер мекемелерінде бес бригада құрылды. Дезинфекциялық құралдарды зауыт аумағында жедел тасымалдау үшін арнайы көлік құралы бөлінген. Бұдан бөлек, барлық ғимараттар мен аумақтарда, адамдар көп шоғырланатын орындарда арнайы құралдар арқылы ылғалды тазалық шаралары жиірек жүргізіле бастады.
Зауыттың екі кіреберісінде күн сайын дене қызуын ө л ш е й т і н қ ұ р а л д а р қондырылды. Сол арқылы мамандар ауысыммен ғимаратқа келушілердің дене қызуын бақылап отырады. Ол үшін 20 дана қашықтан өлшеу термометрі сатып алынған.
Мамандардың т ү с і н — діруінше, зауыт толықтай антисептикалық құралдармен қамтылған. Жалпы, 36000 дана бетперде, 20000 «РМ» респираторлы маркалы бетперде, 780 литр антисептикалық сұйықтық, 500 дана жеке бас гигиенасына арналған гель сатып алынған.
Бүгінгі таңда зауытта өңдеу жұмыстары тоқтаған жоқ. 1700-ге тарта жұмысшы ауысым арқылы қызметін жалғастырып жатыр. Ал, кеңседегі қызметкерлердің 86 пайызы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.
Отандық өнім экспортталады
Атырау мұнай өңдеу зауыты бензол мен параксилолды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығару құқығына ие болды. Осылайша, зауытта өндірілетін мұнай-химия өнімдері REACH халықаралық сертификациясынан өтті. Бұл оларды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.
«Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің хабарлауынша, аталған сертификатты Еуроодақ регламентінің талаптарына сай келетін тауарлар иеленетін көрінеді.
Ал, өнімді сертификаттау тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған орт аны қорғаудың жоғары деңгейін, бәсекелестік пен инновацияларды қолдануды арттыра отырып, химиялық заттардың еркін айналымын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Еуроодақ аумағындағы химия өнеркәсібіндегі барлық кәсіпорын өндіретін немесе экспортқа шығаратын химиялық заттар туралы ақпаратты тапсырып отыруға міндетті.
REACH сертификатын рәсімдеу бірнеше кезеңмен жүргізілді. Оның тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжат дайындалған. Импорттаушы – ұйымды, яғни «АМӨЗ» ЖШС-гін Химиялық заттар жөніндегі еуропалық агенттікте (ECHA), сондай-ақ, деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосу жүргізілген.
А т а п а й т у к е р е к , жаңғырту кезінде зауытта салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына жоба бойынша 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады.
Айбөпе САБЫРОВА