Жер шетелдіктерге сатылмайды!

Жер шетелдіктерге сатылмайды!

Атадан қалған аманат – елдігіміздің алтын арқауы

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36-қадамдарын іске асыру аясында көптеген жұмыстар қолға алынды. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңында Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмі нақты көрініс тапқан болатын. Аталмыш Заң үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгелі отыр.

аукционға не үшін шығарылады?

Осыған орай ҚР Ұлттық экономика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп, Елбасының Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексі мен басқа да заңнамалық актілерді түсіндіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдерді талқылаған кеңес өткізді. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың – ауылдық округтердің әкімдері, қала, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысқан семинар-кеңесті облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев ашып, жүргізіп отырды.

Кеңесте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлжахан Бимендина Жер кодексіне енгізілген түзетулер туралы жан-жақты түсінік берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 98,6 млн. гектары (98,8 пайызы) ұзақ мерзімді жалға берілген, ал, 1,2 пайызы – жеке меншікте.

Жер қатынастары саласында индустрияландыру және экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды және тиімді пайдалану үшін жерді аукцион арқылы сату жолымен жеке меншікке беру механизмін енгізу жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылады.

 Бақытжан ЖҰМАТ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз