Жарнама
Жаңалықтар

Қар тазалау жұмыстары қарқынды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» және «Атырау-Қызылқоға» бағыттарындағы тасжолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Атырау-Индер» бағытында екі КДМ техникасы жұмылдырылып, төрт жұмысшы еңбек етуде. Ал «Атырау–Қызылқоға» бағытындағы жұмыстарға төрт КДМ, қос тиегіш техника, бір автогрейдер және сегіз жол қызметкері тартылды.

Көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін былтырдан бері жолға 1500 тонна инертті материал себілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмау ұсынылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button