«Қақпа алдында кездесу»
№15 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының 2-ші кезеңін іске асыру бағдарламасы бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты босатылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша, әлеуметтік-құқықтық көмек және медициналық көмек алу сонымен қатар жазасын өтеуші шетел азаматтарға босатылғаннан кейінгі депортациялық құқықтарын түсіндіру туралы яғни, сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау бойынша, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бағыт дағдар беру бойынша жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен талқылау мақсатында мекеменің САТжӘПЖ бөлімінің бастығы әділет капитаны Р.Б. Байжанов «Қақпа алдында кездесу» шарасына қатысушы құзырлы орган өкілдерді таныстырды.
Шараға Атырау облысы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарлама басқармасының маманы А.Қ. Жақытова, Атырау қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Қ. Зейінов және Атырау облысы бойынша полиция департаменті көші-қон қызметінің инспекторы полиция капитаны Б.Б. Ерғалиев қатысты. Босатылатын сотталған азаматтардың босатылған кезде туындайтын мәселе қоғамға бейімделу, жұмысқа орналасу, кәсібін жалғастыру және жазасын өтеп жатырған шетел азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қанша уақытта шығатындары, Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алуға қандай құжаттар керектігі т.б. көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ақпарат алды.
Мекеменің САТжӘПЖ бөлімінің бастығы әділет капитаны Р.Б. Байжанов шара соңында бағдаламаға қатысушы құзырлы оргын қызметкерлеріне осындай маңызды іс-шараға келіп жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізгендері үшін алғыс білдірді.
№15 мекемесінің САТжӘПЖБ
БЕТО аға инспекторы
әділет капитаны Г.У. Милкимбаева