Қаңтарда жоғалған махамбеттік тұрғын табылды

img 20220214 wa0141 Жаңалықтар

Бүгін, 18 ақпанда Махамбет ауданында 63 жастағы Бейбарыс ауылы тұрғынының мәйіті табылды.

Еске салсақ, ТЖД қызметкерлері мен полицейлер 29 қаңтардан бері оны із-түзсіз жоғалып кеткен адам ретінде іздестірген еді: сол күні кешке ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздеу барысында полицияның кинология қызметінің қызметтік иті Жайық жағалауынан із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты. Оның басы денесінен бөлініп қалған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз