Жарнама
Жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

Вице-премьер Жылыой, Махамбет аудандарында, Құлсары, Атырау қалаларында болып, елді мекендерді үлкен судан қорғау жұмыстарын тексерді.  Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда. Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылды. 

Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйдің сапасын тексерді.

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Махамбет ауылында  4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ауыл ішіндегі жол жөнделуде. 

Атырауда қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынуда. Алмалы ауылында «Сарыөзек» каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр. 

Жайық өзені, Соколок каналы мен Каспий теңізі арасындағы негізгі буын саналатын Гоголь каналын тазарту және кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 30 шақырым, ені 18 метр және тереңдігі 2 метр каналдың түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні ұзындығы 9,5 шақырым учаскедегі жұмыстар аяқталды.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Каспий теңізіне құятын жерде Жайық өзенінің сағасын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстардың жалпы ұзындығы 10 шақырым, оның 9,5 шақырымы аяқталды.

Сондай-ақ облыс активіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген және жыл соңына дейін іске қосылатын су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесі – «Tasqyn» жұмысы көрсетілді. 

«»Қазгидромет» мәліметінше, қыс жылы болады деп күтілуде, қар көп болады, сондықтан біз барлық қажетті шараларды алдын ала қабылдап, барлық мүмкін сценарийлерді ескеруіміз керек. Сондықтан жұмысты қарқындатуымыз керек. Мердігерлік ұйымдарды екі ауысымға ауыстыру, қосымша күш пен техниканы тарту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі өңірдегі барлық су тасқынына қарсы шараларды бақылауға алып, мониторинг жүргізсін», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

2tchX31h7FWvrvJgkVVnWcHgZy1OavEwz1HiHGkl
kYUzzRDTpdOZWRa3nPnHTLUtBqCYLyb78eqIqyF6

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button