Атырауда 48 жастағы алматылық бойжеткендерді жезөкшелікке жеккен (ФОТО)

IMG 2820 31 08 17 13 07 Жаңалықтар

Атырауда басқа жақтан келген жезөкшелер мен олардың «жеңгетайы» ұсталды. Бұл туралы редакциямызға облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_2820-31-08-17-13-07

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, «Stop-трафик» операциясының барысында ІІД қызметкерлері Алматының 19, 21, 22 23 және 38 жастағы бес тұрғынын Сәтпаев даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерде жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген 48 жастағы алматылықты қолға түсірді.

IMG_2821-31-08-17-13-07

Ол клиенттерден түскен ақшаның көп бөлігін өзіне алып отырған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталып, ол Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз