Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Құрманғазыда барлау тобынан қашып құтылмақ болған браконьер қолға түсті

Кез-келген іс арнайы жоспар мен үлкен дайындықты талап етеді. Осы орайда ел байлығын аяусыз тонап, қолдан қолға емін-еркін сататындардың қатары азаймай тұр. Соның бірі браконьерлік қылмыс.

Заң бұзушылармен күрес мақсатында ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаменті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауылында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды.
Жергілікті тұрғындар сол маңдағы Каспий, Қиғаш, Жайық сынды теңіз, өзендерден заңсыз балық аулаумен айналысатыны анықталды. Осы мақсатта ҰҚК ШҚ Атырау облысы департаментінің Арнаулы мақсаттағы Ұтқыр іс-қимыл тобы жұмылдырылды. Алғашқы күндері Қиғаш өзенінен 10-ға жуық ұзындығы 4-5 метрлік балық аулау торлары шығарылды.
Майор Юрий Ғафаров бастаған арнайы барлау тобы құрылып, жергілікті заңсыз балық аулаушылардың орындарын анықтады. 2021 жылдың 19 қаңтар күні Приморье өзегі етегінен жасыл түсті мото құрылғысы көзге түсті. Соңынан қуалап жүріп, қамыс арасына көлікпен қысу әдісімен қолға түсті. Ұстау барысында 227 кг сазан балығы болғаны анықталды. Балық қабылдау орталығында салмағы мен келтірілген шығын көлемі есептелді. 1291210 теңге 05 тиын көлемінде айыппұл салынды. Іс сотқа жіберілді.
Ұстау кезінде арнайы топ көптеген айла-тәсілдер қолданды. Жасырыну, жарық шамдар, тұтқиылдан шабуыл жасау, көлік ізін анықтау сынды ұтқыр жоспарлар құрды. Су үстіндегі мұзға арнай табанды катер жіберілді. Балық аулаушы адамдардың қамыс арасына тығып қоятын көліктері анықталды. Айыппұлдар салынды.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментіне алғысын білдірді. Мұндай бірлескен жұмыстар жалғасын табады.

Өмірбат АЙТӘЛІ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі,
Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы,
аға лейтенант.
Суретті түсірген автор

img 0381

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button