Жарнама
Жаңалықтар

Қамыс өртінен қауіп көп

Атырауда жылына бірнеше рет қайталанатын проблема бар. Ол – қамыс өрті. Толық өшіруге бір емес, бірнеше күн кететін тілсіз жау көбінесе жаз мезгілінде тұрғындарға қиындық туғызады. Қамыс өртінің денсаулыққа зияны үлкен. Әсіресе, тыныс алу жолдары ауыратын адамдар қиналып қалады. Өкпе аурулары, бронхит, астма сияқты дерттер өрт кезінде адамды тұншықтырып, жағдайын нашарлатады.

5f72d5c1 a389 4863 9d05 d0f80cbfaa97

Сондықтан қамыс өртін болдырмау шараларымен бірге, қамыс өрті орын алған жағдайда еріктілердің, жалпы тұрғындардың іс-әрекеті қандай болуы керек? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздестіру мақсатында жергілікті жастар мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында профилактикалық шара өткізілді. Оны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды. Жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен жастар ұйымдарының өкілдері және еріктілердің қатарынан 100-ден астам адам қатысты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button