Жарнама
Жаңалықтар

«Қайырымды істер марафоны» басталды

Бүгін мейірімділік идеясына негізделген «Қайырымды істер марафоны» акциясы бастау алды. Жастардан құралған волонтерлер игі істер жасап, оны әр адамға үлгі болуы үшін әлеуметтік желілерде бөліседі. Шара ұйымдастырушылары қайырымды істер үлкен-кіші деп бөлінбейтінін айтады.

-9 қазан – Ұлттық Қайырымдылық күні мерекесі. Бір адамға жылы сөз айтып, енді бірінің ауыр сөмкесін үйіне дейін көтерісіп те  көмектесуге болады. Әрқайсымыз игілікті іспен үлгі көрсетейік.  Шараның мақсаты — бір-бірімізді сәл де болса бақытты ету өз қолымызда екенін елдің есіне салу. Студенттер өздерінің қалауы бойынша картадағы тапсырмаларды орындап, оны басқа адамға челлендж ретінде жалғайды. Бұл акцияға тұрғындар қолдау білдіріп, белсенділік танытады деп сенеміз, — деді Азаматтық орталықтың ұйымдастыру және ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Анель Маратова.

Атырауда волонтерлық қозғалыс, әсіресе, жастар арасында белсенді дамып келе жатыр. Олардың бір тобы сенбі күні Жаңаталап ауылында тал егіп, өңірді жасыл-желекке айналдыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button