unnamed file

Қазақстанның мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға артатын болады

Жаңалықтар

 Atr.kz/26 қыркүйек, 2019 жыл. 2023 жылдан бастап Қазақстанның мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға артатын болады.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы айтқанда, экспорт көлемі алдағы 2-3 жылдың ішінде тұрақты болады. 2023 жылдан бастап экспорт көлемі жылына 10-12 млн тоннаға өседі. Бұл ең бастысы Теңіз мұнай кен орнымен байланысты. Қазір осы кен орнында үлкен инвестициялық жоба жалғасып жатыр. 38 млрд АҚШ долларындай инвестиция салынып, игерілуде», – деді ол.

 Министрдің атап өтуінше, Теңіз кен орнындағы инвестициялық жобалардың арқасында 2023 жылға қарай мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға өседі Себебі аталаған кен орнынан өндірілген мұнайдың басым бөлігі экспортқа шығарылады. «Мұнан бөлек келесі мүмкіндік Қашағанға байланысты болады. Бұл кен орнының мүмкіншілігі де біртіндеп өседі», – деді спикер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған