Жаңалықтар
Қайыршақты ауылдық округінің 30 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы төселеді
Биыл Қайыршақты ауылдық округінің 30 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда.
Атырау қаласы әкімдігінің айтуынша, 29,6 шақырымды құрайтын жаяу жүргінші жолы Томарлы, Бесікті, Талғайран ауылдары, «Көктем», «Жұлдыз» шағын аудандарына төселеді.
Сондай-ақ, Қайыршақтыға биыл жылы жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайтын 24 көшеге тас жол төселмек. Олар: Томарлы ауылындағы 17 көше, Талғайран ауылындағы 3 көше, «Беймахис» бау-бақша қоғамдастығындағы 4 көше.