Жаңалықтар

«Qajymuqan» фильмі жарыққа шығады

10 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында «Qajymuqan» фильмі көрсетіле бастайды.

Фильмді белгілі режиссер Қанағат Мұстафин 2012 жылы сценарий жазу жұмысынан бастап, 2020 жылы түсірілімін аяқтаған. Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарық көрмек.

«Qajymuqan» фильмі қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен спорттық жетістіктерін баяндайды.

Қажымұқан – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ және классикалық күресте бірнеше дүркін әлемдік және бүкілодақтық чемпионаттардың жеңімпазы.

Фильм режиссері Қанағат Мұстафин Қажымұқанның жетістіктері мен ерлігіне ерекше тоқталды. «Қажымұқан әлемнің әр түкпірінде өткен жарыстарда қазақтың намысын қорғады. Оның спорттық жетістіктері өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі болмақ», – деп атап өтті ол.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button