Қайролла Көшқалиев жаңа қызметке тағайындалды
Атырау облысы Дін істері басқармасының бұрынғы басшысы Қайролла Көшқалиев Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасының facebook ресми парақшасында хабарланды.
«Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы 1968 жылы 30 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. 2016 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қарашасына дейін Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы болды.
«Облысымызды дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп, қаншама жобаларды нәтижелі аяқтап, халық алғысына бөленді.
Оның еңбек жолындағы кәсіби жетістіктері, жаңа креативті идеялары, сапалы қызметі мен ұтымды істері, өзгелерден ерек аса қарапайым, жайсаң мінезі мен іскерлігі, әр қызметкерді іні-қарындасындай көретін сыйластығы, азаматтық бітім-болмысы бәріне үлгі боларлықтай», — делінген хабарламада.