
Қ.Сәтпаев даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Атырау қаласындағы маңызды көше санатындағы Қ.Сәтпаев даңғылында жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Қазір орталық мешіт тұсындағы учаскеде құрылыс толық аяқталып, жол қозғалысы қайта ашылды.
Алайда жөндеудің келесі кезеңіне сәйкес, бүгін, 16 маусым сағат 21:00-ден бастап Қ.Сәтпаев даңғылының И.Тайманов даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесі аралығындағы жол бөлігінің бір жақ бағыты уақытша жабылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғасырбек Төлеген хабарлады.

Аталған өзгеріске байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағытына түзетулер енгізіледі. Жаңартылған маршруттар арнайы картада көрсетілді.
–Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол белгілеріне мұқият болуды сұрайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет, — дейді Ғ.Төлеген.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ



