Проекциялық жаяу жүргінші өткелдері орнатылуда

screenshot 3 4 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаяу жүргінші өткелі жол белгісін орнату жүргізілуде. Заманауи проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі Құрманғазы ауданының Қадыр елді мекенінде А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» республикалық жолының 846-шы шақырымына, және Майкөмген елді мекені тұсына А-33 «Доссор-Құлсары-Ақтау» республикалық тас жолының 179-шы шақырымына орнатылған. 

screenshot 1 8

Проекциялық жол белгісі жылдың барлық мезгілінде анық көрінеді. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолдағы ақ-сары жолақты 150 метр қашықтықтан көре алады.

screenshot 4 3

Өткен жылы «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы 467 дана жаңа жол белгісін А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахан бағыты» және А-28 «Атырау-Орал» тас жолы мен А-33 «Доссор-Құлсары-Ақтау» жолдарына орнатқан. Сондай-ақ 3010 шақырым жол таңбасы сызылып, 20 дана шақырымдық көрсеткіштер, 800 дана светодиодты және 200 дана жарқылдағыш катафот, 22 дана ақпараттық тақтайша орнатылып, зақым келген 300 метр қисық иінді брустар ауыстырылған.

Құрметпен,

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Атырау ОФ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз