Жарнама
Жаңалықтар

«Президенттің сұхбаты –  қоғамдағы алыпқашпа әңгімелерге берілген жауап»

«Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбат жарық көрді. Жаңа жылдың басында жарияланып отырған интервьюдің назар аударатын ерекшелігі – барынша ашық, төтесінен қойылған сұрақтарға жауап беруі. Екіншіден, елдегі соңғы жылдардағы ауқымды реформаларды қамтуы мен елдің болашағына қатысты көкейтесті мәселелерге барынша ашық жауаптардың берілуі.

Бұл қоғамдағы әртүрлі алыпқашпа әңгіме, негізсіз пікірлерге берілген жауап деуге болады. Бұл әділетті Қазақстан қағидасына да бір дәлел деуге әбден болады. Президент сұхбатта ел өмірінің барлық саласын қамтыған. Соның ішінде қоғамдық сана,құндылықтар өзгерісі, олардың заман ағымына қарай өзгерісі, дүниетанымдық ұстанымдар, мәдениет пен ұлттық идеология сияқты жалпы философиялық ұғым,көзқарас жүйесіде барынша ашық қаралған. Бұл еліміздегі гуманитарлық білім,ғылым жүйесі үшін танымдық әдістемелік қағидалар тұрғысынан маңызды екені сөзсіз. Халықты біріктіретін жол ретінде жалпыұлттық құндылықтардың басымдығы қажеттігі де дұрыс ұстаным. Соның ішінде еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, бастамашылдық, үнемшілдік сияқты құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамдық сананы өзгерту, сапалы ұлтқа айналу жолы ретінде қазіргі таңда жас ұрпақ үшін маңызы зор екені сөзсіз. Жалпы Президент сұхбатында елдік сана, бірлік, зиялы қауымның ролі, қазіргі дәуірде ұлт болып ұйысудың маңызы мен жолдары да сыни тұжырымдық тұрғыдан талданып берілген екен. Біз Президент сұхбатындағы тек әлеуметтік философиялық, аксиологиялық ұстанымдарға шолу жасадық. Себебі, осы ұстанымдар ұлттық идеология негізі ретінде берік,жүйелі,айқын болмай қалған салалардағы ісіміз бен көзқарасымыз тиімді болмауы мүмкін.Сондықтан да өзінің берген жауаптарында Президент осы мәселеге арнайы тоқталып, жан-жақты тұжырым жасаған деген пікірдеміз.

Өмірбек Бекежан,

философия ғылымдарының докторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button