Жарнама
Жаңалықтар

Президенттің олимпиадашылармен кездесуінің кейінге шегерілу себебі белгілі болды

Кеше, 14 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді. Өйткені спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, 14 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған.

«Өздеріңізге белгілі, кеше Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз» — Берік Уәли.

Айта кету керек, кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button