Президент Жолдауын талқылады

025290a5 ec9f 46dc 8a97 8256055b9191 Жаңалықтар

Бүгін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, маңызды міндеттер мен бағыт-бағдарларға тоқталды.

Сонымен қатар, өңірдің мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің бір топ есепшілерінің еңбекақысын көтеру, Индербор кентіндегі Көктем орта мектебінің техникалық қызметкерлерінің жұмыс регламенті мәселелері көтерілді.

Күн тәртібіндегі мәселер жан-жақты талқыланып, қаралған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары шақырылып,  кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар берілді.

-Кеңес мүшелеріне белсене қатысқаны және жауапты мекеме басшыларының көтерілген сұраққа деген жауапкершілігі үшін алғысымды білдіремін. Аталған ұсыныстардың орындалуы кеңес мүшелері тарапынан бақылауда болады, – деді білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің төрағасы Саламат Идрисов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз