ЖаңалықтарСаясат
Президент Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты
Atr.kz/27 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты.
«Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын» делінген жазбада.
Көрнекті саясаткердің қазасына баланысты Елбасы Франция еліне көңіл айту жеделхатын жолдады.