Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

1200xauto 4tc44h84bbnbftpunhwxywkruvvdexwswrpiyc6e.jpg Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.

Президент отырыста Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. 

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз