Жаңалықтар
Президент Республика күніне арналған мерекелік концертке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке қатысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана Опера» опера және балет театрында өткен концертте қазақстандық танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.