Жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді
2025 жылдың 3 қаңтарында «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды” деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Сурет: akorda.kz