Жарнама
Жаңалықтар

Президент пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлерге ерекше алғыс айтты

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт осылай мәлім етті.

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.

snimok 11

«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», — деді Президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.

http://atr.kz/bez-rubriki/azy%d2%9b-t%d2%aflik-sajtpajtyn-barly%d2%9b-d%d2%afkender-men-sauda-oryndary/


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button