Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Президент маңызды ҮНДЕУ жолдады

Atr.kz/30 тамыз, 2020 жыл. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты Үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Құрметті отандастар!

Осыдан тура 29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды. Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды. Бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды.

Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды. Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау жөніндегі бейбіт ұстаныммен қарсы алуымыз Елбасының саяси ерік-жігері мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқаны анық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды өз еркімен жабу жөнінде парасатты шешім қабылдауы арқылы әлемдегі қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Осы батыл әрекет әлем тарихында жарқын бет ретінде мәңгі қалатынына күмәнім жоқ.

Уважаемые казахстанцы! Ядерные испытания на Семипалатинском полигоне нанесли невосполнимый ущерб здоровью людей и окружающей среде. Они стали причиной высокой заболеваемости и смертности среди населения, привели к интенсивному радиоактивному заражению прилегающих территорий. Вокруг полигона площадью 300 тысяч квадратных километров проживало около полутора миллионов человек. Из них, по оценкам специалистов, более 500 тысяч человек подверглись прямому облучению. После закрытия полигона одной из первоочередных задач для Казахстана стала социальная реабилитация людей и территорий, пострадавших от длительных ядерных испытаний.

В этих целях Первый Президент Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев подписал 18 декабря 1992 года Закон «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне». Он предусматривает комплекс мер по лечению, оздоровлению, реабилитации, социальной защите населения и социально-экономическому развитию территории бывшего полигона. Системная работа в этом направлении продолжается. В настоящее время Правительством Республики Казахстан рассматривается дальнейшее поэтапное расширение спектра социальных гарантий для указанной категории граждан.

Вместе с тем важнейшим приоритетом государственной политики стало обеспечение безопасности на территории бывшего испытательного полигона. Отсутствие должного контроля и открытый доступ к территории бывшего ядерного полигона существенно повышали риски, связанные с нарушениями режима нераспространения, а также угрозы ядерного терроризма. Принятые руководством страны своевременные меры по нераспространению ядерного оружия практически полностью исключили угрозу для международного сообщества от неконтролируемого расползания мощного ядерного арсенала.

Таким образом, полигон из потенциальной причины ядерного кризиса стал объектом научных исследований. Была создана многоуровневая система защиты, обеспечивающая надежную охрану опасных объектов. Реализованы семь крупных проектов, направленных на реабилитацию зараженных территорий. В следующем году будет завершено комплексное экологическое обследование всей территории полигона размером 18,5 тысячи квадратных километров, что соизмеримо с площадью некоторых европейских государств.

В целом научно-технические и инженерные работы, обеспечившие безопасное состояние бывшего Семипалатинского испытательного полигона, до сих пор остаются беспрецедентными в мире. Необходимо подчеркнуть, что денуклеаризация полигона проходила в рамках широкого взаимодействия Казахстана с такими странами, как Российская Федерация, США и другими, а также международными организациями, в первую очередь, МАГАТЭ. Мы выражаем большую признательность нашим партнерам за многолетнее и плодотворное сотрудничество в этой стратегически важной сфере.

Қадірлі қауым!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы және жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басқа да бастамалары бейбітшілікке деген берік ұстанымымызды айқындап берді. Елбасының көреген басшылығымен мемлекетті жойқын қарусыз дамытудың әлемдік бірегей үлгісі қалыптасты. Еліміз ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесіне айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһандық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу ісіне белсене атсалыса береді деп сеніммен айта аламын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button