Жарнама
Жаңалықтар

Президент: Келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл биылғыдан қиын болатынын айтты.

Президенттің сөзінше, халық үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына шағым айтып жатыр.

«Халық сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін», — Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу екенін баса айтты.

«Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?», — Қасым-Жомарт Тоқаев.

Zakon.kz

Фото: t.me/bort_01

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button