Жаңалықтар
Президент 4 министрді қызметтерінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметтерінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.