Пранк жасаған: Атырауда жалған хабарлама берген кәсіпкер жауапқа тартылды

lozhka290118 Жаңалықтар

«Атырауда полицияға дүкенім тоналды деп хабарлама берген азаматша достарым «пранк» жасады деп ақталған» деп хабарлайды Atr.kz

Махамбет ауданы Полиция бөлімінің 102 операторына белгісіз әйел адам қоңырау шалып, аудан орталығында орналасқан өзі иесі болып табылатын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, тоналғаны жөнінде хабарлама берген.

«Аталған хабарлама ​ бойынша оқиға орнына жедел жіберілген тергеу тобы хабарламаның жалған екендігін анықтады.

​Белгілі болғандай, арыз берушінің достары қалжың үшін​ дүкеннің тоналғаны жөнінде хабарлаған. Енді дүкен иесі жағдайдың растығына көз жеткізбестен жалған хабарлама бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз