Жаңалықтар
Пойыз билетін қайтару үшін комиссия 1000 теңгеге дейін өсті
19 маусымнан бастап билеттерді қайтару үшін комиссиялық алымның жаңа мөлшері енгізілді.
«Компания 2018 жылдың 19 маусымынан бастап жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару үшін комиссиялық алым мөлшерін қосылған құн салығын қоса есептегенде, 1000 теңгеге дейін өсіргенін хабарлайды. Бұл шара жолаушылардың қитұрқы әрекеттерге жол бермеу, кірістерді жоғалту қаупін азайту және тұтастай алғанда қоғамның табыстылығын арттыру мақсатында қабылданды», — делінген хабарламада.
Комиссиялық алым компания құрылымындағы барлық пойыздарға және басқа да теміржол әкімшіліктеріне қойылған. Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да қайтарылатын билет құны 1000 теңгеден аз болса, комиссия ұсталмайды.
Хорлан Смадияр