Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Портал арқылы емделгіңіз келсе…

  Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. Бүгінде балтыры сыздап, ауырған науқастың ауруханаға жатып емделуі портал арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ал, бұл жұмыстың жүргізілу тәртібі қандай? Бұл ретте науқастар нені білуі қажет?

Емдеуге жатқызу бюросының порталы – бұл Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін қолжетімді ғаламтордағы веб-сайт. Бұл жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау жағдайларында клиника, емхана және пациент арасындағы орталықтандырылған өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаттарына сәйкес, еліміздің  әрбір азаматы стационарды және дәрігерді еркін таңдауға құқығы бар. Бұл ретте емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге мемлекеттік тапсырысы бар мемлекеттік те және жеке медициналық ұйымдарда да медициналық көмек алуға болады.

Ауруханаға жатқызу бюросының негізгі мақсаты – науқастардың өз қалауымен медициналық ұжымды таңдауы және медициналық қызметке қол жеткізуі. Әрбір тұрғын ауруханаға жоспарлы жату үшін www.bg.eisz.kz сайтында портал коды бойынша өзінің кезегін ағымдағы күту беттері арқылы аумақтық және республикалық клиникалар бойынша  бақылауына болады. Түптеп келгенде, портал жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды қадағалауға, тіркелу, есепке алудың шешімдерін тез қабылдау үшін арналған. Егер дәрігерден арнайы коды бар жолдама алған болса, аумақтық және республикалық клиникалар бойынша өз кезегін күту беттерінен қарауға болады.

Портал арқылы стационарлық ем алу  кезеңдері:

– Дәрігер алдымен ауруханаға жатқызу үшін керекті зерттеулерді жүргізеді;

– Одан әрі ауруханаға жатқызу бюросына сұраныс енгізеді;

– Пациенттің қалауы бойынша емдеу мекемесін таңдайды;

– Таңдай бойынша орын болмаса, альтернативтік клиника ұсынылады;

– Ауруханаға жатудың алдын ала уақытын анықтау үшін дәрігер жолдама береді. Оның ішінде ауруханаға жатқызу уақыты мен жоспарлы жатқызу коды көрсетіледі;

–        Науқастың өмірі қауіпті жағдайда болса, жедел түрде ауруханаға

жатқызу бюросына соқпай жүргізіледі.

Белгіленген күні науқас міндетті түрде ауруханаға келуі керек. Келе алмайтын жағдайда, дәрігерге ескертуі тиіс. Келмеген жағдайда сұраныс жойылады. Бүгінде науқастардың жолданған ауруханаға уақытында бармауы кездеседі. Мұндайда міндетті түрде емдеуші дәрігерлер түсініктеме жазады және науқастың кешіккені үшін ескертпе алады. Сондықтан, портал бюросының қағидаларына науқастар мұқият ден қойып, көрсетілген күніне баруға тиістілігін ескеруі маңызды. Кепілді ақысыз медициналық көмек қызметтері толықтай тегін жүргізіледі.

Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі барысында, оны амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарға емдеуге жатқызу. Өкінішке қарай, өмірде жазатайым оқиғалар, апаттар және тұрмыстық жарақаттар, жіті инфекциялық аурулар кезінде, ауыр улану кезінде және пациенттің денсаулығына қауіп төнетін басқа кенет жағдайлар кездеседі. Мұндайда жедел емдеуге жатқызу шарасы алынады.

Бүгінде емдеуге жатқызу бюросы порталында жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін автоматты айқындаудың жаңа механизмі қарастырылған. Мұның басты мақсаты жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісінен стационарлар бөлімдері меңгерушілерімен келісуін, пациенттердің жоспарлы емдеуге жатқызу күнін күтуін және мұндағы алыпсатарлық жасауды жою.

Еркін таңдау бойынша көп бейінді стационарлар мен республикалық клиникаларға жіберу жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күнін автоматты айқындауды қолданумен жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеу институттарында еркін таңдауға пациенттердің құқықтарын қамтамасыз ету үшін жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін автоматты айқындау бұйрық нормасымен 10 пайыздан кем емес айқындалған.

Емдеуге жатқызу бюросы порталында жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін автоматты айқындау жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызудың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен төсек қорына сәйкес медициналық ұйымдар критерийлері негізінде жүргізіледі. Егер жоспарлы науқасты ауруханаға жатқызу ережелері бұзылса немесе емдеуге жатқызу бюросы порталы бойынша сұрақтармен  8 (7122) 28-42-87 сенім телефон нөміріне хабарласуға болады.

Айкерім ӘБІЛХАТҚЫЗЫ,

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау

орталығы» Атырау облыстық филиалы

директорының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button