Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Полицейлерді ұрып-соққан жігіттер 2 жылға сотталып кетті

Құрманғазы ауданының үш азаматы полицейлерді ұрып-соққаны үшін 2 жылға сотталып кетті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың қазан айында үш жігіт Ганюшкин селосындағы «Адия-2» азық-түлік дүкенінің ішіне кіріп, сол жерде тұрған Құрманғазы аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне себепсіз тиісе бастаған. Масаң күйде болған олар полиция қызметкерлерін боқтап-балағаттаған. Кейін жанжал төбелеске ұласып, салдарынан сотталушылар полицейлерді сыраның бос бөтелкесімен ұрған.

Тергеу кезінде сотталушылар мен прокурордың арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақталды.

Сот үкіміне сәйкес сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото vesiskitim.ru сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button