Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Перзентхана наркозды — дем алу құрылғысымен толықты

  Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. Атыраудағы облыстық перинатальды орталық ересектерге арналған заманауи жаңа  наркозды-дем алу құрылғысымен толықты.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы анестезияны енгізу үшін WATO маркасының жаңа анестезия және тыныс алу аппаратын орнату, құру жұмыстары аяқталды. Қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты Нұрлан Балғымбаев қоры қаржыландырды. Аппарат құны 19 млн. теңгені құрайды.

i
Иллюстративті фото

«Құрылғы бірнеше міндетті атқара алады. Нәтижесінде ота жасау кезінде дәрігерлердің жұмысы біраз жеңілдейді. Қауіпсіздік жағынан барынша жетілдірілген және сыртқы пішіні өте ыңғайлы. Ал, бірегейлігі сол — науқасқа ота жасау кезінде оның ағзасында болып жатқан процестерді бақылауға және қандай да болмасын өзгерістер туындаған кезде оған жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады» делінген аталған басқарманың баспасөз хабарламасында.

 Сала мамандарының айтуынша, перинатальды орталықтың жан сақтау бөлімшесінде тәулігіне жоспарлы түрде үш-төрт ота жасалады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button