Пайғамбарым – ардақтым!

111 Жаңалықтар

Қасиетті Мәуліт айына орай, «Иманғали» орталық мешітінде  «Пайғамбарым (с.ғ.с) – ардақтым» тақырыбымен рухани кеш болып өтті. Әйел жамағатына арналған кеште Алла Елшісінің  (с.ғ.с) өмір жолы туралы кеңінен мағлұмат берілді.

111

Қасиетті Құранмен ашылған кеш барысында, облыстың бас имамы Батыржан Мансұров Мәуліт айының маңызына тоқталды. «Мәуліт – пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) дүниеге келген күн. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі «Мен бұл күні дүниеге келдім, үмметіме елші болып жіберілдім, бұл күні маған Құран түсті» деп, қасиетті айға құрметі ретінде дүйсенбі сайын ораза ұстаған. Сондықтан, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) туылған күнінде салауат айту – күллі мұсылман жамағаты үшін сүннет» деп атап өтті.

%d0%bc%d0%b0%d1%83%d0%bb%d0%b8%d1%82-8-1

Шара барысында илләһи әндер орындалып, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Атырау өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Айжарқын Түзелованың жетекшілігімен, сауат ашу курсының әйел жамағаты пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін ұлықтайтын көріністер қойды. Кеш соңында, тәтті дәмділер салынған жүз пакет сыйлық келушілерге таратылды. Және мешіт шараларына белсене араласып, азаматтық қолдау көрсетіп келе жатқан әйел-аналар жамағатына «Алғыс хат» табыс етілді.

%d0%bc%d0%b0%d1%83%d0%bb%d0%b8%d1%82-5

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз